Бірыңғай құрылыс порталы әзірленді

фото: pixabay

ҚР ӨҚМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап құрылыс объектісінің өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін қамтитын қызметтер ұсынылған Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды. Порталда құрылыстағы қолданыстағы салалық жүйелердің сервистері, құрылысқа байланысты ақпараттық ресурстар мен қызметтер біріктірілген.

«Мысалы, республиканың 89 қаласы бойынша құрылысқа бастапқы рұқсат беру құжаттары топтамасын беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер: бұл сәулет-жоспарлау тапсырмасы, желілерге қосылуға техникалық шарттар, эскиздік жобаны келісу. Құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру; объектіні пайдалануға беру актісін қалыптастыру және оған қол қою цифрлық форматқа ауыстырылды. Бұл ретте қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың ашықтығы мен үздіксіздігі салалық жүйелерді интеграциялау кезінде пайдаланылатын объектінің бірегей нөмірі есебінен жүзеге асырылады. «Бір терезе» қағидаты egov.kz бірыңғай авторизациялауды енгізу есебінен қамтамасыз етілген, бұл пайдаланушыларға қайта авторизациялану қажеттілігін жояды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.