Қызылордада әскерилер мінген көлік апатқа ұшырады

Қызылордада әскерилер мінген көлік апатқа ұшырады. Полиция Департаментінің мәліметінше, оқиға Сырдария ауданының тұсында болған. Екі көлік соқтығысып, өрт тұтанған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан әскерилер көлікті сүйреп, жалынды тоқтатуға әрекет етіп жатқаны көрінеді.

Жүк көлігінің ішінде сарбаздар   болған. Олар дін аман. Ал «Audi» маркалы жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

РАХЫМЖАН СҰЛТАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Екі автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан бір автокөлік өртеніп, жүргізушісі қайтыс болды. Қызылорда облыстық ПД жол көлік оқиғасында адамның қайтыс болуына байланысты дерегң бойынша қылмыстық іс қоғалып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізілуде.