Арқалықта жеке секторда газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

Арқалықта жеке секторда газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты.Тағы бір тұрғын ауыр халде жатыр. Қатты дүмпуден үйдің шатыры мен  қабырғасы қираған.Құтқарушылармен қатар жедел жеткен медицина қызметкерлері екі адамды ауруханаға жеткізген. Алайда денесін күйік шалған 1979 жылғы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмапты.  1984 жылғы әйел  дереу санитарлық ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде жатыр.Жағдайы  ауыр.

АЙДОС АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

4 пәтерлі үйде өртсіз газ ауа қоспасының жарылыс болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіпру бөлімшелері желед түрде жетіп жарылыс салдарынан шатырдың опырылғанын анықтады. Құтақрушылар дереу үйніділерді аршу жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.