Қарағандыда ресейлік әуесқой хоккейші мұз айдынында көз жұмды. 46 жастағы азамат түнгі хоккей лигасы аясында ұйымдастырылған матч кезінде кенет есінен танып, қайтып оянбаған. Оқиға орнында болғандар бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Жедел жәрдем дәрігерлері келгенше ер адам көз жұмды. Хоккейші Ресей Федерациясының азаматы, «СКА – Приозерск» командасының ойыншысы болған. Қарағанды қаласына қызметтік іссапармен келген көрінеді. Кәсіби спортшы емес, әуесқой хоккейші. Қазір марқұмның өлімінің себебі анықталып жатыр.