Жасөспірімді жүкті қылған 64 жастағы ақтөбелік тұрғын 21 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2026

Жасөспірімді жүкті қылған 64 жастағы ақтөбелік тұрғын 21 жылға сотталды. Жантүршігерлік оқиға былтыр қазан айында Ойыл ауданында болған. 9 сыныпта оқитын қыз  мектепте өзін жайсыз сезініп, көп ұзамай босанған. Оның  жүкті екенін үйінде де, мектепте де ешкім байқамаған көрінеді. Тіпті  медициналық тексерулер кезінде де анықталмапты. Күдікті - қыздың әжесінің 64 жастағы жұбайы. Бірақ,  туған атасы емес. Оның кінәсі дәлелденді.  Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

АЛТЫНБЕК САБЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚК 58-бабы 4-бөлігінің негізінде қылмыстық жаза тағайындау жолымен түпкілікті Қозбақовқа пед-қ лауазымдарды және кәмелетке толмағ-мен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қозбақовтың жазасын ҚАЖ нің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалсын.