Жетісу облысында үш жастағы сәбиді әкесі өлімше етіп сабаған

Жетісу облысында үш жастағы сәбиді  әкесі өлімше етіп сабаған. Желіде жанды түршіктірер видео тарады. Қазір бүлдіршін ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бала бұған дейін   бауыр циррозымен ауырып, шетелде ем алған. Жауыз әке баламен қоса әйелін де ұрған көрінеді.  Полиция қызметкерлері күдіктіні өз үйінен масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық іс қозғалды.

РУСЛАН ЧАРАПИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Орын алған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде.