Бір айда қалада 500-ден астам адамнан қызылша ауруы анықталған. Олардың 96 пайызы - бала.
Қызылша көбіне 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі. Бұл жас тобындағы балалардың 90–95 пайызы екпе алмаған. Сондықтан да олар қызылша ауруын жұқтырған.
Екпе алмаған балалардың көбінде ата-аналары екпеден бас тартқан немесе уақытша медициналық көрсетілім бойынша алмаған. Кейбір ересектер арасында бұрын екпе алғанын немесе алмағанын растайтын құжаттары жоқ жандар бар.