Қосшыда ер адам қалыңдығына қалың мал беріп, алданып қалды. 28 жастағы тұрғынның полицияға берген арызына сүйенсек, оның «сүйіктісі» тұрмысқа шығарда 1,5 миллион теңге алып, кейіннен із-түссіз жоғалған. Басында "жас қызбен" таныстым деп ойлаған жігіт, аталған жайттан кейін ғана оның 3 баласы бар екенін және бұрын тұрмыста болғанын білген. Полиция қылмыстық іс қозғаған, бірақ, әйел әлі табылмаған көрінеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Жігіттің ата-анасы қыздың туыстарына қалың мал ретінде 950 мың теңге, ал қыздың өзіне алтын әшекейлер алып берген. Алтындардың құны шамамен алты жүз мың теңге. Облыстың полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, зардап көлемін 1,5 млн теңге деп бекітті.