Қарағандыда тазы тұқымды иттерді заңсыз атуда. Соңғы екі аптада тіпті жиілеп кеткен. Қаскүйлер тіпті бейнебақылау жүйісін қиып, іздерін жасырған. Құмай тазыны құртып жатқан кімдер? Айжан Қуаш анықтады.
Александр Котеля 20 жылдан бері тазы тұқымын өсіріп, аңға қосады, жарыстарға апарады. Ақтас кентіндегі жеке панажай қожайыны. Бірнеше күн бұрын оның Сары Қасқасы мен қара Багирасын белгісіз біреулер атып кеткен. Тағы үш құмай тазысы жоғалып кетті. Қаскөйлер бейнебақылау жүйесін қиып іздерін суытыпты.
АЛЕКСАНДР КОТЕЛЯ, АҢШЫ:
Камераны қиып, панажайдағы иттерді ату деген бұл – жеке аумаққа қол сұғу. Менің иттерім екі метрлік қоршауда қамаулы тұрады. Келіп есікті ашсам алдымда өліп жатыр. Бұл не деген бассыздық. Ветстанцияға да хабарластық, оларға ит атуға ешбір тапсырыс түспеген.
Арада үш күн өткен соң тағы бір аңшы Аман Әшірбековтің Сұркиігі оққа ұшқан. Қаскөй ер адам итті көлігінің қасына шақырып алып дротикпен атып өлтірген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.
АМАН ӘШІРБЕКОВ, АҢШЫ:
Атқан адам ветеринар өзі негізі. Сол өзінің ветеринар деген құжатын пайдаланып соның арқасында осылай көшеде жүріп ит атып жүр. Менен басқа мына Кирзавод районында территорияның ішіне кіріп иттерін атып кеткен тазылар. Таза қанды тазы. Бұны Президент Тоқаевтың өзі айтып кеткен біздің құндылық тазы деген. Бұны көбейту керек, бұны атқаны ол уже преступление.
АЙДАР ТӨЛЕУБАЕВ, АҢШЫ:
Үлкен үміт қойып отырғамыз ол тазыға күшік аламыз деп. Үйретеміз, аңға шығамыз деп отқамыз. Тарихы үлкен ғой ол иттің. Кезінде бір ауылды тамақтандырған бір тазы. Бұл тазыға құрмет бізде өтке үлкен. Сондықтан бұны істеген адамды заңға тарту керек.
Аңшылар полицияға шағымданған. Тексеру жүргізген полицейлер тазыларды атқан адам ветстанция қызметкері екенін анықтады.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Тексеру барысында иттерді атқан ветстанция қызметкері екені анықталды. Бұл азаматтық- құқықтық қатынастарға жататындықтан арызданушылар сотқа шағымдана алады.
Қарағанды қаласының ветстанциясы тұрғындар болжаған адамның қазір жұмыс істемейтінін айтты. Ол адам да оқиғаға еш қатысы жоқтығын мәлімдеген. Аңшылар енді облыстық прокуратураға шағымданбақшы.