Конституциялық реформа: кемел келешекке қадам

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2026

Конституциялық реформа – Қазақстанның болашағын бекемдеп, әділетті әрі ашық қоғам құруға бағытталған батыл бастама. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер уақыт талабынан туындап, ел болашағын баянды етуге бағытталған. Сондықтан Ата Заңдағы жаңашылдық ел дамуына жаңа мүмкіндік ашады.

Уақыт талабы – жаңару.  Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі жаһандық өзгерістер, халықаралық стандарттар, құндылықтар өзгеріп жатқан кезеңде Қазақстан мықты жүйе құруы керек. Ал енді мықты мемлекеттік жүйе құру үшін, әрине, заңдар өзгеруі керек. Заңдар мықты болуы керек. Соның ішінде біріші кезекте Ата Заңымыз. Осыған байланысты үлкен қазір өзгерістер бар. Бұл болашағын ойлайтын, ертеңгі күнін ойлайтын мемлекеттің іс-қимылы деп білуге болады. 

Сарапшылардың пікірінше, реформалар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді. Ең бастысы – қоғам сұранысына жауап беретін тиімді, ашық әрі әділетті мемлекеттік жүйе қалыптастыруға жол ашады.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сұрақ көп жастардан, қызығушылық. Себебі бұл Ата Заңымыз бүгінгі емес, келешектің кемел болуына, жастарымызға жарқын жол ашатын ерекше жаңа редакция деп есептеймін. Қазақта сөз бар "ақыл - жастан, асыл - тастан" деген.

Жаңарған Ата Заң – халық сенімі мен мемлекет мүддесінің тоғысқан тұсы. Сондықтан сарапшылар жаңа бастама азаматтық қоғамды нығайтып, Қазақстанның тұрақты әрі өркендеген мемлекет ретінде дамуына серпін беретінін айтады