Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне арналған эксперттік талқылау өтті

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2026

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне арналған эксперттік талқылау өтті. Іс-шараға жетекші ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Талқылау барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың институционалдық мазмұны, сондай-ақ ұсынылып отырған жаңа өзгерістердің елдің саяси және қоғамдық жүйесіне ықпалы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, университет қауымдастығы тарапынан конституциялық жаңашылдықтарға қатысты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, «ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:

Бұл талқылаулардың әрі қызық әрі жауапты кезеңі. Біз соның біреуіне қазір қатысып отырмыз. Еуразия ұлттық университеті 25 мыңдық ұжым. Мұнда ғалымдар, мемлекеттік қызмет жасаған азаматтар сонымен бірге басқа да заң саласына, Ата заңымызға мүдделі азаматтар қызмет жасайды. Талқылаулардан соны көріп отырмыз.