Павлодарда студенттерге жаңа Конституция жобасы түсіндірілді. Іс-шара «AMANAT» партиясының «Bir tolqynda» диалог алаңы аясында ұйымдастырылды. Toraighyrov University-нің қабырғасында өткен жиынға облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко қатысты. Жастарға Ата заңның негізгі бағыттары таныстырылды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия 77 бапқа өзгеріс енгізген болатын. Осылайша, жаңа Конституция 84 пайызға жаңармақ. Мұнда басты қағидат ретінде адам құқықтары мен бостандықтары негізге алынған.
САЛТАНАТ ӘУБӘКІРОВА, TORAIGHYROV UNIVERSITY-НІҢ ПРОРЕКТОРЫ:
Қазіргі таңда жаңа жоба пайда болды. Сол жобада білім, ғылым, инновация мәселелеріне назар аударылды. Ол біз үшін TORAIGHYROV UNIVERSITY-НІҢ ғалымдары үшін жас ғалымдары, студенттері үшін өте маңызды. Себебі, әр ғылымнан келетін пайда, ол бізді коммерцияландыру керек. Одан кейін біздің еліміздің экономикасына жұмыс істеу керек.
Қарағандыда да «Amanat» партиясының өкілдері жаңа Конституция жобасын жастармен бірге талқылады. Жас азаматтар Ата заңға ерекше қызығушылық танытып отыр. Конституцияның жаңа мәтінінің басты идеясы- білім мен ғылым, мәдениет және инновация. Ол адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсетеді. Сондай- ақ цифрландыру бағытына ерекше көңіл бөлінді. Сондай- ақ Халық Кеңесін құру маңызды өзгеріс болмақ. Жастар мұндай саяси қадамдар елімізде жаңа даму кезеңінің бастамасы екенін сезінуі тиіс- дейді партия белсенділері.