Павлодарда кітапхананың чат-боты іске қосылды

Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада  жасанды интеллект кабинеті ашылды. Жаңа жоба оқырманды заманауи цифрлық технологияның көмегімен өзіне қажеттіні іздеп табуына мүміндік береді. Кітапхана тек кітап оқитын жер емес. Бұл- білімнің, ғылымның ордасы. Жастар, студенттер түрлі жобаларын жүзеге асыру мақсатында кітапханадағы сандық технологияларды пайдалана алады. Бұл кітапхананың бір сарынды емес, әмбебаб ретінде жұмыс істеуіне жол ашпақ. Осы арқылы оқырманды білімге ынталандырмақ. Жақында кітапхананың чат-боты іске қосылды. Ол арқылы оқырмандар үйден шықпай да, өзі қалаған кітапты тауып, қажетті мағлұматты ала алады.