Алматыда бүлдіршіндер табиғатты аялау мақсатында ерекше челлендж бастады

Алматыда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Менің жасыл балабақшам» челленджі басталды. Бастамаға 30 балабақшаның тәрбиеленушілері, ата-аналары мен педагогтері атсалысуда. Ұйымдастырушылар бұл шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулитынын айтады. Бүлдіршіндер тұрмыстық қалдықтардан ойыншықтар жасап, оларға екінші өмір сыйлауды үйренуде. Сонымен қатар өсімдік егіп, су мен энергияны үнемдеу дағдыларын меңгеруді бастады.

БАҒЛАН НИКАТОВА, АТА-АНА:

"Менің жасыл балабақшам" жобасы өте бізге ұнады. Осы "Ханшатыр" тобының апайларының арқасында балаларымыз көп қалдық заттарға екінші өмір сыйлады. Түймелерден неше түрлі бұйымдар жасап, картон қағаздардан пеш, телевизор жасадық. Осы жобаның арқасында мен ойлаймын, балаларды табиғатты үнемдеп, заттардың бәрін шашпай, табиғатты аялап, сөзбен емес, іспен, еңбекпен  жасап, өздері түсінгеніне қуаныштымыз.