Декреттегі әкелердің демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады

фото: pixabay

Жаңа заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептелетін болды. Тиісті нақтылаулар Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

Сонымен қатар жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.

Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.