Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқығын қорғау күшейтіледі

Мәжіліс депутаттары еңбек қауіпсіздігін арттыруға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды екінші оқылымда қабылдады.

Енді егер жұмыс барысында еңбек қатынастарының кемінде бір белгісі анықталса, азаматтық-құқықтық келісімшарт жасауға тыйым салынады. Ұжымдық шарттарға өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде төленетін өтемақылар мен жәрдемақыларды міндетті түрде көрсету талап етіледі.

Сондай-ақ өндірістік жарақаттың ауырлық деңгейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Ал еңбек қауіпсіздігіне жауапты маман тікелей ұйым басшысына бағынады.