Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.
Екі ел басшылары бірге суретке түскен соң Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.