48 адам тұмауға жатпайтын вирус жұқтырған

фото: pixabay

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жалпы тұмауға жатпайтын вирустарға 380 сынама алынған. Оң нәтиже бергендердің ішінде риновирустардың үлесі жоғары — 58% немесе 28 адам сырқаттанған. Жұқтырғандардың басым бөлігі — 4 жасқа дейінгі нәрестелер. Бокавирус диагнозы 10 адамға қойылса, сырқаттанғандардың дені — ересектер. Аденовирусты 4 адам жұқтырса, ауырғандардың барлығы — 14 жасқа дейінгі балалар. РС-вирусты жұқтырудың 6 дерегі тіркелді.

Эпидмаусым басталғалы облыста ЖРВИ-мен 49 мың адам ауырды. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9% төмен. Сырқаттанғандардың шамамен 32 мыңы немесе 65% — 14 жасқа дейінгі балалар.

Тек өткен аптада ЖРВИ-ді 2,3 мың тұрғын жұқтырып, дәрігер көмегіне жүгінген. Дегенмен суық тиіп ауырғандар 7% төмендеп отыр. Мамандар аурудың алдын алу үшін спецификалық емес профилактиканы естен шығармауға кеңес береді.