Астанада «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сарапшылар кездесуі өтті

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2026

Астанада «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сарапшылар кездесуі өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын таныстырып, оның басты артықшылықтарына тоқталды.

Құжатта жаңадан құрылатын Құрылтайдың рөлі едәуір күшейетінін атап өтті. Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның қызметін бақылау құзыретіне ие болады. Сонымен қатар Құрылтай министрлерді қызметтен босату туралы ұсыныс енгізсе, Президент оны қабылдауға міндетті. Мұндай норма бұрын Конституцияда болмаған. Сондай-ақ, Қазақстан халқының байырғы қазақ жерінде мемлекет құрғаны алғаш рет нақты көрсетілген.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстан бұрыңғы ғұн, түркі, Алтын орда саяси мәдениетінің мұрагері яғни қазақ халқының мынау саяси мәдениеті мыңдаған жыл тереңде жатыр деген ұғым бар. Сонымен бірге осы ата заңның негізгі бағыт қағидаттарында Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменділігі мызғымайды және мемлекеттің міндеті осы тәуелсіздік пен егеменділікті қорғау деп жазылған.