Қызылордада «TURGYNDAR AMANATY» жобасы қолға алынуда

Қызылордада «TURGYNDAR AMANATY» жобасы қолға алынуда. Ол көпқабатты тұрғын үйлердегі мәселелерді тұрғындармен бірлесе шешуге жол ашады. Сонымен қатар,  ауланы абаттандыру, тазалық жұмыстарына ауызбіршілікпен қатысуға шақырады. Бұл -биыл тұсауы кесілетін жобалардың алғашқысы. Ал партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» секілді жобалары өзектілігін жоймайды. Былтыр бір ғана «Жер аманаты» аясында 67 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал «Ауыл аманаты» негізінде 297 жоба қаржыландырылды. Биыл  300-ден аса бастама қолдау тауып, тағы жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 8212 арыз-өтініш  түскен. Оның 70 процентке жуығы орындалған. «Бұл -азаматтардың партияға деген сенімі» дейді «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі принцип халықтың жағдайын жасау мәселесі. Ауылды гүлдендіру мәселесі, ауылдың экономикасын, инвестиция тарту. Сол жерде ауыл әкімдерінің белсенділігі мәселесі. Ауыл әкімдері дұрыс жұмыс жасамаса оны қайтарып алу, қызметін. Сонымен қатар аудандық, облыстық деңгейде тіркелген үлкен компаниялардың төлейтін салықтарын, сол ауыл әкімдеріне тікелей төлей жөнінде реформалар бастау алады.