«Ерекше балалардың кәсіптік білім алу, жұмысқа орналасу бойынша мүмкіндіктері кеңейеді», - Е.Әбдиев

Мүгедектігі бар балаларды қолдау бойынша әзірленіп жатқан кешенді заң жобасы «AMANAT» партиясында талқыланды. Сенат пен Мәжіліс депутаттары бірлесе жазған нормалар 237 мың баланы қамтиды. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына орай дайындалуда.  Жаңа нормаға мүгедек балалардың әлеуметтік, медициналық және білім саласы бойынша түрлі проблемаларын бір тетікпен басқарудың жаңа тәсілдері енеді.  Әрі олардың кәсіптік білім алу, жұмысқа орналасу бойынша мүмкіндіктері кеңейеді, - деді мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің отырысында. 

ЕРЛАН ӘБДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Яғни, бала өмірге келгеннен кейін зпрр болсын, аутизм болсын қазір біз үлкен өсімді көріп отырмыз. Бала туылғаннан бастап бізде медицина саласы басқа екі жұмыспен қамту мен оқу-ағартуға министрлігіне осындай бала туылды, ата-аналарымен жұмыс істеңдер деген сияқты информациялар кетеді. Біз содан бастап ерте коррекционный жұмыстарымызды бастасақ, бала 18-ге толған кезде коррекцияға жарамсыз нәрселерін минималдандырамыз.