Қазақстандық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 электр автобусын экспорттайды. Тиісті келісім «Қазақстан-Пәкістан» бизнес форумы аясында Исламабадта жасалды. Алғашқы жеткізілім биыл сәуір айында басталады. Келісім құны - 108 млн АҚШ доллары.
Компания 2027-2028 жылдары Пәкістанға экспорт көлемін 2000 автобусқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бизнес форум қорытындысы бойынша Falcon EuroBus пен пәкістандық OGCC International компаниясы арасында коммерциялық құжатқа қол қойылады.