Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды

Фото: pixabay.com

ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

5 ақпан сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 16-347 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласы — Жақсы ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. 

Ұлытау облысы

5 ақпан сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 24-137 шақырым аралығында (Сәтпаев қаласы – Ұлытау кенті) барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Екі облыста жолды бүгін сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысы

5 ақпан сағат 11:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. (Бидайық ө/п)» автожолының 85-280 шақырым аралығында (Чкалов ауылы – Бидайық ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.