Бірінші сынып оқушылары қосымша демалысқа шығады

Фото: pixabay.com

9 ақпаннан бастап бірінші сынып оқушылары бір апталық демалысқа шығады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғанда 7 күн.

Ал барлық сынып үшін көктемгі каникул 19 наурызда басталып 29 наурызға дейін жалғасады.

Содан кейін 8 оқу аптасынан тұратын төртінші тоқсан басталады. Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда соғылады.