Өзінің келінін зорлаған Ақтөбе тұрғыны сотталды. Оқиға ұлы үйде жоқ кезде болған. Зардап шеккен келіншек -22 жаста. Айыпталушы мас күйде болғаны анықталды. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызданған. Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысын растады. Алға аудандық сотының үкімімен ер адам 8 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
ЖАНСАЯ ТАЙЫРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сот үкімімен сотталушы ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.