Блогер Жанабыловтар үйқамаққа алынды

Блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Толегенова үйқамаққа алынды. 15 миллионнан аса оқырманы бар ерлі-зайыпты онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Күдіктілер басында ең көп репост жасаған қатысушыларға 11 автокөлік табыстаймыз деп уәде берген. Бірақ іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған. Есесіне «Zhana Business» шотына 247 млн теңге түскен. Қазір сот санкциясымен олардың ұялы телефоны мен автокөліктеріне тыйым салынды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Электронды «сәттілік барабанының» параметрлерін өзгерту фактілері анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.