Қазақстандықтарға несие беру азайды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2026

Елдегі екінші деңгейлі банктер тұрғындарға несие беруді азайта бастады. Былтыр жалпы несие көлемі 24,8 триллион теңге болған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 23,9%-ға төмен. Ал ипотека кредиттері 6,9 трлн теңгеге жетсе, тұтынушылық қарыздар 21 процентке өскен.

Кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны 2024 жылғы 29,3%-дан өткен жылы 14,5%-ға дейін баяулады. Тұтынушылық несиелердің басым бөлігін автонесиелер құрайды. Олардың көлемі 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.