Атырауда Дүниежүзілік сайлау күніне орай «PRO-Сайлау» тақырыбында «Quiz» интеллектуалды ойыны өтті

Атырауда Дүниежүзілік сайлау күніне  орай «PRO-Сайлау» тақырыбында «Quiz» интеллектуалды ойыны өтті. Мақсаты - комиссия мүшелерінің сыни ойлануын, коммуникативтік, көшбасшылық, зияткерлік дағдыларын арттыру,- дейді ұйымдастырушылар. Биылғы жылдың ерекшелігі, аймақта атаулы күнге орай он күн бойы аудандар мен  облыс орталығында  түрлі жиын өтті.

«PRO-Сайлау»  «Quiz» интеллектуалды ойнына  қалалық  және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қызметкерлерімен бірге,  жас сайлаушылар клубы мүшелері қатысты. 5 команда сайлау туралы сан-түрлі сауалға жауап іздеді. Бұл - онкүндік аясындағы бір шара ғана. Өңірде сайлау процесін өткізу, сайлаушылардың құқықтарын айқындап, халықтың сайлауға деген сенімін арттыруға бағытталған   кездесулер сан алуан форматта ұйымдастырылды.

ТҰРДАҒАЛИ РЫМБЕК, МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жас сайлаушылармен кездесу өткізілді, жас сайлаушылар клубында жастармен кездесу өткізілді. Сонымен қатар саяси партия өкілдерімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, аккедиттелген қоғамдық ұйым мүшелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері сайлау заңын түсіндіру мақсатында отырыс өткізді.

БЕЙБАРЫС КАРИСБАЙҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі таңда осы облыс бойынша 9 жас сайлаушылар клубы жұмыс атқаруда. Оның 77 мүшесі бар.  Облыстық жас сайлаушылар жастар арасында сауалнамалар жүргізілді. Оған 700дей жас қатысып, өзінің жауаптарымен бөлісті. Жас сайлаушылар клубының мақсат- міндеттерінің бірі жастардың өзің әрбір адамға дауысын беріп,  қоғамдағы  орны бар екені біледі деп ойлаймын.

Он күнгі шаралар орталық сайлау комиссиясяның стратегиясымен бекітілген. Ортақ идеясы -  сайлаушылар сенімі.

ӘСИЯ ҚЫСТАУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл өтіп жатқан шаралардың жалпы идеясы: электоралдық принциптер -сайлаушылар сенімінің негізі. Принциптерді атап өтетін болсақ,  ол әрине заң үстемділігі, алқалылық,  ашықтық,  кәсібилік, инклюхзивтілік. Яғни осы он күннің ішінде біздер өтіп жатқан әрбр шара осы прициптердің мазмұнын ашуға арналған.

Интеллектуалды куизде “Ақылды сұрақ” командасы жеңіске жетті. Айта кетейік, шара барысында, «Үздік дауыс беру мекен-жайы» байқауы қорытындыланды. “Ең креативті безендірілген зал», «Ең жайлы учаске», «Сандық инновация көшбасшысы» номинацияларының иелері де марапатталды.