Жаяу жүргіншіге батпақ шашып кеткен жүргізуші айыппұл арқалады

Фото: pixabay.com

Жаңаөзен қалалық соты көшеде жаяу кетіп бара жатқан келіншекке көлігімен батпақ шашып кеткен ер адам айыппұл арқалады.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға былтыр Жаңа жыл қарсаңында болған.

«2025 жылдың 28 желтоқсанында қаланың Бостандық шағын ауданында Mercedes көлігін басқарып келе жатқан ер адам жол бойында тұрған әйелге батпақ шашып кеткен. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, оған 86 500 теңге айыппұл салды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сотта көлік иесі өз кінәсін мойындап, әйелден кешірім сұрап, айыппұл арқалауға дайын екенін айтқан.