Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан алынған скрин

Атырау облысы Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде 10 сынып оқушысы қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларды балтамен қуалаған. 

Оқиға 5 ақпан күні болған. Салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алды.

– Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.