Жаңатаста қатты желден үйлердің шатыры ұшып кетті

Жаңатас қаласында ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел соқты. Салдарынан қаладағы кейбір тұрғын үйлердің шатыры ұшып кетті.

Сарысу ауданы әкімдігі тұрғындарға қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауды және көшеде абайлап жүруді ескертті. Сонымен қатар мектептерде бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына ауысқанын хабарлады.