Семей қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған қыз баланың денесі табылды. Бұл деректі полиция растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталған. Оның айтуынша, сәби өлі туған.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәресте сараптамаға жіберіліп, қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.