Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде екі отандасымыз финалға шықты.
Жартылай финалда Ақбаян Нұрмәмет екінші болып мәреге жетіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал Екатерина Колода мәреге төртінші болып жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңге жолдама алды.