Алматы облысында 13-тегі жасөспірім көз жұмды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2026

Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсаған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада баланың анасы қайғылы жағдайға  мектеп тарапынан көрсетілген қысым себеп болды деп отыр. Айтуынша, Нұрислам мұндай қадамға баруға бейім емес, өмірге құштар бала болған. Оқиғағаның себебі, Самсы ауылындағы мектеп оқушыларының арасындағы төбелес болуы ықтимал. Төбелестен кейін, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары баланың үйіне келіп, одан бейнежазбаны талап етіп, жасөспірімге қорлайтын балағат сөздер айтқан көрінеді. Қазір қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізуде.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта Алматы облысы Полиция департаментінің үйлестіруімен қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.Оқиғаның барлық мән-жайлары жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында мұқият тексерілуде.Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.