Қыз алып қашу туралы ән айтуға тыйым салынады

Енді қыз алып қашу туралы ән айтуға тыйым салынады. Өлеңнің әрбір мәтіні тексеріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді. Некеге мәжбүрлеу қылмыстық заңнамада айқындалып, жаза күшейтілгендіктен, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазақстандық әншілердің шет мемлекеттерде де танымалдылығы артып келе жатыр. Сондықтан, біз мұндай жайттарға міндетті түрде назар аударамыз. Кей өңірлерде соңғы уақытта болған қыз алып қашу, жалпы, некеге мәжбүрлеу жайттары қоғам алаңдаушылығын тудырғанын ескерсек, мемлекеттің ғана емес адамдардың да белсенділігіне иек артамыз. Қоғамның өзі әншілерге дұрыс бағыт беруге атсалысса екен дейміз.

Шетелдік әншілерге де талап күшеймек. Енді шетелдік жарық жұлдыздар елімізде концерт беретін жағдайда репертуары қадағаланады. Оның ішінде, бейәдеп қана емес, белгілі қылмыс түрлерін насихаттауға  болмайды. Министрлік бұны енді өздері бақыламақ.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Әр әншімен келісімшарт жасалатынын білеміз. Енді біз оған қосымша міндеттемелерді кіргіземіз. Ол тікелей әндерге қатысты болады. Туындылар еліміздің заңын бұзбауы тиіс. Порнография, есірткі сату секілді қылмыс түрлері насихатталатын әндер орындалмауы тиіс. Келіскен жағдайда, отандық алаңдарда өнер көрсетуге рұқсат алады. Біздің ойымызша, бұл дұрыс шешім.