"Жаңа Конституция жобасының басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалды",- «AMANAT»

Жаңа Конституция жобасының басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» Республикалық кеңесінің отырысында айтылды. Жиынға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, көрнекті қаламгерлер, ғалымдар,үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және бейнеконференц-байланыс режимі арқылы өңірлердегі партияластар қатысты. Онда Жаңа Конституция жобасы бойынша талқылау жүргізілді. Кеңес төрағасы Аманжол Әлтай елімізде мемлекет болашағы үшін айрықша маңызға ие Ата Заңның жаңа жобасы ұлттық руханиятқа басымдық беріп отырғанын айтты.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің Ұлы даланың мың жылдық тарихы үзілмеген сабақтастығы көрсетілген. Мәдениеттің, білімнің, ғылым мен иновацияның осы құзыреті конституциялық деңгейде, стратегиляқ бағыт ретінде осы жаңа заң жобасында, орын алған. Заң мен тәртіп адам құқығы, отбасы құндылықтары деген секілді, осы бүгінгі қоғамды толғандыратын, ең маңызды мәселелердің барлығы жаңа конституциядан ойып ұрып өз орнын алған.