Қостанайда ауыл жастарының республикалық семинары өтті

Қостанай қаласында ауыл жастарының цифрлық әлеуетін арттыруға бағытталған республикалық семинар өтті. «Auyl Jastary» шарасы Президент жариялаған «Цифрландыру жылы» аясында жүзеге асты. Семинардың басты мақсаты – ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, жастардың заманауи технологияларды меңгеруіне жол ашу. Жастар цифрлық трендтерді ғана емес, елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаларды да талқылады. Сондай-ақ жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық трансформация тақырыптары талқыланып, қатысушыларға практикалық бағыттағы дәрістер ұсынылды.

ҒАЛЫМЖАН ҚҰСМАНҒАЛИ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Арнайы спикерлерімізді тарттық. Жаңа құралдарды, жасанды интеллектінің әртүрлі қосымшаларын пайдаланудың мүмкіндіктерін ашып беру үшін. Түптеп келгенде, қазіргі цифрлық дәуірде адамдардың қай қалада екені маңызды емес. Ең бастысы, қолыңда жақсы ноутбук пен телефон болса, интернет болса, мүмкіндіктер өте көп. Соны бүгін жастарға түсіндіру, көрсету – шараның негізгі өзектілігі.