Қысқы Олимпиада ойындарында 36 қазақстандық ел намысын қорғайды

Бүгін түнде қысқы Олимпиада ойындарының түндігі түріледі. Әлемнің басты қысқы спорт додасы екі қалада – Милан мен Кортине-д’Ампеццода өтеді. Бұл – Италия үшін ғана емес, бүкіл қысқы спорт әлемі үшін ерекше Олимпиада болмақ. 90 елден келген 2900-ге жуық спортшы 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан намысын 10 спорт түрінде 36 шебер қорғайды. Оның ішінде Аяулым Әміренова мен Денис Никиша көк туымызды Сан Сиро стадионында алып шығады. Ақ Олимпиада 22 ақпан күні қорытындыланады. Айта кетейік, керлинг пен әйелдер хоккейі бойынша іріктеу сындары басталып кетті. Отандастарымыз ертеңнен бастап бақтарын сынайды.