Астанада әуе рейстері кешігуде

Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астанадағы халықаралық әуежайда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін, -деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. 

Бүгін әуежайда ұшып шығатын 79 рейс, ұшып келетін 78 рейс жоспарланған. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Келу бойынша 10 рейс, ұшып шығу бойынша 2 рейс кешіктірілген.   

Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейстердің нақты статусын әуе тасымалдаушылардан нақтылап, www.nn-airport.kz сайтындағы онлайн-таблоны қадағалап отыруды ұсынады.