Астанада «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» диалог алаңыныңда Жаңа Конституция талқыланды

Астанада «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының «Конституциялық реформалар және жастар диалогы» тақырыбындағы отырысы өтті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасы талқыланып, еліміздегі ауқымды реформалардың мәні мен маңызына назар аударылды. Іргелі іс-шараға Мәжіліс депутаттары, партия қызметкерлері, еліміздің 20 өңірінен келген «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағалары, Астана қаласының белсенді жастары мен студенттері қатысты.