Семейлік азамат танысын «балаңды оқуға түсіріп беремін» деп алдап кетті. Ол үшін 2 жарым миллион теңге алған көрінеді. жәбірленуші ақырында не оқусыз, не ақшасыз қалғанын айтады. Полиция күдіктіні ұстаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша алаяқтық бабы негізінде тексеру жүргізіліп жатыр.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға университетке түсу, жұмысқа орналасу немесе құжаттарды рәсімдеу бойынша «көмек» көрсету туралы уәделерге, әсіресе бейтаныс адамдардың сөзіне сенбеуге шақырады.