Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Темірлік аймағында фототұзаққа Қызыл кітапқа енген сирек жыртқыш - тас сусары түсіп қалды.
Тас сусары таулы және жартасты аймақтарды мекендейтін епті әрі сақ сүтқоректі, негізінен түнде белсенді болады және кеміргіштер, ұсақ құстар, жәндіктер мен өсімдік жемістерімен қоректенеді.