Қарағанды облысында қозғалыс шектелуіне байланысты 13 адам жылыту пунктіне жеткізілді

Фото: ТЖМ

Теміртау қаласында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыстың шектелуіне байланысты блокпостта жүк және қоғамдық көліктің қозғалысы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында уақытша тоқтады.

 Енгізілген шектеулер нәтижесінде «Шымкент – Астана» бағытымен жүріп келе жатқан автобус қозғалысы тоқтатылды.

 ТЖМ құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге жолаушылары бар автобустан 13 адамды, оның ішінде 4 баланы ертіп, жақын маңдағы кемпингке жеткізді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.