Әлемдегі ең әсем туды көтеріп шығу - мен үшін үлкен мақтаныш. Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында көк байрақты алып шыққан Деннис Никиша осылай деді.
Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты.
Биылғы Олимпиаданың басты ерекшеліктерінің бірі – ашылу рәсімінің бір мезетте төрт жерде өтуі. Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды.