Пзаматтардан ұсыныстар әлі де келіп түсуде. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.
Өздеріңіз байқағандай, Конституциялық сот қарқынды қызмет атқаруда. Комиссияның атына азаматтардан ұсыныстар әлі де келіп түсуде. Бүгін отырыс басталғанға дейін Конституциялық комиссия мүшелері жұмыс топтарында өтініштерді жан-жақты зерделеп, жаңа Конституция жобасының мәтініне мазмұндық әрі құқықтық тұрғыдан егжей-тегжейлі талдау жасады, - деп атап өтті Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова.
Сонымен қатар ол бүгінгі отырыста не талқыланатынына тоқталды.
Өткен отырыста комиссия мүшелерінің ұсыныстары тыңдалған болатын. Бүгін жазылған комиссия мүшелерінің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сонымен қатар ұсыныстардың Конституция жобасында ескерілуі және мәтінді одан әрі жетілдіру бойынша жинақталған кесте таныстырылады, - деді Эльвира Әзімова.