Конституция мәтінін Брайль форматына бейімдеуді ұсынды

ведио скрин

ҚР Парламент Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева Конституция мәтінін Брайль форматына бейімдеуді ұсынды.

Оның айтуынша, Конституция жобасы тек құқықтық кепілдіктерді бекітіп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәтіннің қолжетімділігіне ерекше мән берілген: көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін Брайль қарпімен, ал зияткерлік дамуында ерекшеліктері бар адамдар үшін жеңіл әрі түсінікті тілде ұсынылуы көзделген.

— Осы шаралар жаңа Конституцияның азаматтар арасындағы теңдікті қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын толық іске асыруға қосымша мүмкіндік береді, — деді Ләззат Қалтаева.