Таразда алғаш рет 1 жастағы балаға күрделі нейрохирургиялық ота жасалды

денсаулық министрлігі

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде алғаш рет бас сүйек жіктерінің мерзімінен бұрын бітуінен туындайтын дерт синостоздық плагиоцефалияға байланысты күрделі жоғары технологиялық ота сәтті жасалды.

Науқас – бір жасар бала. Бұл Жамбыл өңірінде балалар нейрохирургиясының дамуына маңызды қадам болды. Бұған дейін мұндай туабіткен күрделі патологияларға хирургиялық көмек еліміздің ірі клиникаларында ғана көрсетіліп келген.