Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын 7 медальмен аяқтады

Фото: ҰОК

Тяньцзинь қаласында (Қытай) жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды.

Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3 000 метр), Қазақстан әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс) алтын жүлде жеңіп алды.

Биіктікке секіруде ел намысын қорғаған Надежда Дубовицкая күмістен алқа тақты.

Нора Джеруто (1 500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Қазақстан ерлер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов) қола жүлдеге ие болды. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.