Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті.
Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды. Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеру ұйымдастырып", бизнесін жаптырамын деп қорқытқан.
Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.