Таразда 36 жастағы әйел екі баласын жоғары қабаттан лақтырып жіберді

фото: pixabay

Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген. Белгілі болғандай, балалардың жасы – 5-те және 3-те. 

Екі бала да тірі, қазір  Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде.  Әйел қамауға алынды. 

Бұл жағдайға байланысты полиция іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.